Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің өліміне тағы бір адамның қатысы бар болуы мүмкін

Бүгін, 16 қаңтарда, Алматыда спортшы Денис Теннің өліміне қатысты өтіп жатқан сот жарыс сөзінде жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров сотталушыларға мінездеме беріп, қылмыс орнында тағы бір адам болуы мүмкін деген пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

Денис Тен

«Шындығында Қиясов соққы жасау үшін, Құдайбергенов оны (Денис Тенді – ред.) ұстап тұрған. Қиясов пышақтың жүзін төмен қаратып ұстаған. Оны денесіндегі тіліктерден аңғаруға болады. Соққылар 2 секунд айырмашылықпен жасалған. Пышақты қайта ұстап алу үшін бұл уақыт жеткіліксіз. Екінші соққы 90 градус бойынша, пышақтың жүзі жоғарыға қарай жасалған. Бәлкім, сол жерде үшінші адам болып, пышақ сұққан шығар? Табылған пышақта қанның ізі болмады. Қиясов оны («Магнумнан» сатып алынған пышақты – ред.) сол жерден тауып алатынын біле тұра арыққа лақтырды. Бұл кездейсоқтық па?» – дейді Өстеміров.

Сонымен қатар қорғаушы ұрылардың әрекеттері де күдік тудыратынын еске салды.

«Ұрыс не үшін қажет болды? Ұры қашып кетуі тиіс еді. Айнаны лақтыр да, қаш. Осылай болуы керек. Ал ол айнаны Дениске берді де, сөзге келіп қалды. Ол Денисті ашуландыру керек болды. Денис қызуқандылықпен соңынан қуа жөнелді. Құдайбергеновтің Абылай хан көшесіне қарай қашуына болар еді. Алайда ол спорт алаңына қарай жүгірді. Ал бұл жер «Гедонист» мейрамханасының терезелерінен жақсы көрінеді», – дейді Нұрлан Өстеміров.

Айта кетсек, бүгін өтіп жатқан сот жарыс сөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан  Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау