Қорғаныс министрлігі Отардағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Дүйсенбі, 20 Маусым , 2016 22:01

Қорғаныс министрлігі Саян Сатыбаевтың өліміне қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Ведомстваның әскери медицина орталығы   22 жастағы сарбаз «асылып өлген» деп отыр, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (1)

Ақмоладан әскерге аттанған Саян Сатыбаев екі апта бұрын үйіне табытпен оралған болатын. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Отарда борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салған. Алайда, Саянның әке-шешесі ұлдарының әлімжеттік құрбаны болғанына сенімді. Өйткені, марқұмның денесі көгеріп кеткен, соққы іздері көп. Қабырғасы сынып, мойны үзіліп, басы жарылған дейді- мәйітті ашып, жіті қарап шыққан туыстары. Мұны тіпті табытты әкелген офицердің өзі мойындаған. Алайда, әскери медицина орталығы мұның бәрін жоққа шығарып отыр.

«Сараптаманы жан-жақты жүргіздік. Саян Сатыбаевтың ішкі органдарына зақым келмеген. Қабырға, омыртқасы сынбаған. Денесіндегі, саусақ пен арқасындағы көк дақтар өлген адамның белгілері. Ол кез-келген сот-медициналық оқулықта жазылған. Яғни, мәйітке тән өзгерістер», – ҚР ҚМ әскери медицина орталығының маманы Бақтияр Мұздыбаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жаны жəннəтта болсын.Ата ана бауырларына Алла сабыр берсін.Осылай бола берсе кім армияға барғысы келеді.
    Армия деген осы екен деп тек соққы сарбаздар өлімі сондағы тəртіптің нəтижесі осыма?

  • Анонимно says:

    СУМДЫК АЙ бастарына келмей тур гой абден басынгандык осы окига офицерлердин басына келсе баягыда биреуди жазалайтын еди. Ал маркум Саян бауырымыздын туган туыстарына аке шешесине сабыр тилеймин!иманды болсын жаны жаннатта болсын! ((((

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар