Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кореялықтар Айдана Меденоваға шет елге шығуға тыйым салды

Жаз шықса жағажайға асығатын жұлдыздардың бір тобы шартарапты шарлап жүрсе, Айдана Меденованың шет елге барып демалуға мүмкіндігі жоқ. Отандық өнерпаздың жүріп-тұруына тосқауыл қойған корейліктер көрінеді.

Айдана Меденова

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Айдана Меденова корейлік компаниямен келісімшартқа отырғалы әншінің әр қадамы аталмыш елдегі серіктестерінің қадағалауында екен. Әдетте, жаз айларының бірін жанұялық демалысқа арнайтын бикешке, бір жыл бойы жылы жаққа серуендеуге болмайды. Күнге күйіп, жағалауда қыздырынуға тыйым салынған. Бұл қазақ қызына кәрістердің қойған талабы.

“Мен өзім «загар» дегенді жақсы көремін. Бірақ, Кореяда сұлулық талаптары өзгеше. Ол жерде керісінше ақшыл адамдарды жақсы көреді. Келісімшарт бойынша мен өз келбетімді өзгертпеуім керекпін. Қараймау керекпін!” – дейді Меденова.

Ал, Зарина Омарованың отбасы 1 айлық серуенді әлдеқашан жоспарлап қойған. Отағасы еңбек демалысын алған күні, ұл-қызын ертіп шет елге сапар шекпек. Дәл қазіргі таңда климаты жанға жайлы мемлекеттердің бірін таңдау үстінде.

“Енді, негізі демалысымыз күйеуімнің жұмысымен байланысты бәрі. Сол себепті, енді шілденің аяғына қалдырдық. Басқа мемлекетке барамыз, демаламыз деп шештік”, – дейді Зарина Омарова.

Ал, дәл қазіргі уақытта отандық шоу-бинестің сұрбойдағы Диас Аблаев пен Мақпал Исабекова Париж төрінде қыдырып жүр!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау