Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордай маңындағы ауыр апат: ІІМ марқұмдар туралы мәлімдеме жасады

Бүгін Қордай маңында болған ауыр жол апатынан қаза тапқандардың қай елдің азаматы екені анықталды. Марқұмдардың жетеуі Қазақстан, үшеуі Өзбекстан азаматтары екен. Тағы бір адамның қай елдің азаматы екені анықталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қордай маңындағы ауыр апат: ІІМ марқұмдар туралы мәлімдеме жасады

Сурет: Facebook/"ОСА" тобы

Еске сала кетсек, бүгін, 20 сәуірде Алматы-Ташкент тасжолында ауыр жол апаты болды. "Тойота камри" маркалы көлік сол бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігіне соғылды. Тасжол бойында апатқа ұшыраған көліктердің артынан келе жатқан автобус оларға соғылмайын деп әрекеттеніп, салдарынан жолдан шығып құлап кеткен. 

«Жол апатынан қаза тапқан 11 адамның жетеуі Қазақстан, үшеуі Өзбекстан азаматы екені анықталды. Тағы бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар», - делінеді хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлік басқарған адамның екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы тәртібін немесе көлікті пайдалану ережесін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Талқылау