Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көптен бері көрінбей кеткен Алмас Кішкенбаев продюсерлікке бет бұрды

Соңғы уақытта продюсерлікке бет бұрған әншілер көбейді. Әншіден қарағанда продюсердің табысы жоғары деді ме әлде расында өнерге үлесін қосқысы келді ме, ол жағы белгісіз. Әйтеуір Мөлдір Әуелбекова, Данияр Өтеген, Рано Омарова, Әнел Аринова сынды жасы 30-дан енді асқан өнер иелері ұстаздық етумен айналыса бастады, деп жазады Stan.kz.

Енді әнші-продюсерлер тізімін Алмас Кішкенбаев толықтырды.

Жалпы Алмас бұған дейін де бірнеше жоба жасап, халыққа таныстырған болатын. Алайда жеке шығармашылығы мен отбасын бәрінен биік қоятын әнші ақырында қарамағандағы топтарға уақыт таппай, оларды таратып тынды.

Шешінген судан тайынбас! Араға бірнеше жыл салып Кішкенбаев қайта продюсерлікті қолға алды. Ол “Қасиет” атты жігіттерден құралған квартеттік топты елге таныстырды.

Жіберіп алмаңыз:

Достары Сиви Махмудидің туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)

Баян Мақсатқызы алқаш әйелдің рөлін сомдауға қиналғанын айтты

Қайрат Нұртас: Балаларымды көру үшін тағы 10 жыл күтесіңдер

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Талқылау