Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік мақалдап сөйлемек болған Мәдина Сәдуақасованың қатесін байқап қойды

Әнші Мәдина Сәдуақасова мақалдаймын деп қате сөз айтты.

Сәдуақасова ресейлік әнші Анна Семеновичпен болған арадағы дауға байланысты пікірін айтты.

“”Жақсы адамның ашуы шәлі орамал кепкенше” дейді ғой. Мен де бастапқыда қатты ашуландым. Кейін ашуым тарады. Дау туған кезде өзім Түркияда алаңсыз демалып жатқам. Дәл өзім сүйіп көріп жүрген бағдарламамның өзі мен туралы негізсіз әңгіме айтып жатты. Бұл даудың нүктесін қойғанбыз. Сондықтан жылы жаба салайық”, – деді әнші “Ел аузында” бағдарламасына беген сұхбатында.

Алайда әншінің әр сөзін аңдып отыратын көпшілік оның мақалды қате айтқанын байқап қалды.

“Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше” деп айтады. Шәлі орамал қалың, түбіт, тоқыма түрде тігіледі. Ол қалай тез кебеді. Шәйі жұқа жібек мата. Сондықтан шәйі деп айтылады”, “Мақалдың сөз төркінін түсінбесе де бәрі мақалдай беретін болды ғой”, – деп жазады желідегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау