Көпқабатты үйде газ жарылып, бір бөлігі опырылып құлады (видео)
Ресейде көпқабатты үйде газ жарылып кетіп, үйдің тұтастай бір бөлігі қирап қалды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Оқиға Ресейдің Волгоград қаласындағы төрт қабатты үйлердің бірінде болған. Апат салдарынан бір подъезд түгелдей опырылып құлайды.
Болжам бойынша, подъездің қирауына газ жарылуы себеп болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбалар мен суреттерде көрінгендей, подъезд түгелдей опырылып түскен. Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, екі адам зардап шегіпті.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты