Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы болуға шақырамын: Көпбалалы ананың сөзі қазақстандықтарға неліктен ұнамай қалды?

Мен еліміздің барлық жастарын көпбалалы болуға шақырамын. Күні кеше Астанада өткен жастар жылының ашылу салтанатында сөз сөйлеген 27 жастағы Жазира Тұрғынова осылай деген еді. Алайда оның сөзі көпшілікке ұнамай қалып, қызу талқыға түсті. Оған не себеп болғанын Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі тарқатып баяндайды.

Көпбалалы болуға шақырамын: Көпбалалы ананың сөзі қазақстандықтарға неліктен ұнамай қалды?

Сурет: ҚазАқпарат/коллаж Stan.kz

Күні кеше еліміздің бас қаласында жастар жылының ашылу рәсімі өткен еді. Салтанатты шараға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Шараның барысында  Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны сөйледі. Бүгінде 7 баласын тәрбиелеп отырған Жазира Тұрғынова жастарды көпбалалы болуға шақырды.

«Дана халқымызда «Бір қозы дүниеге келсе, бір тұп жусан артық шығады» деген сөз бар. Менің атым – Жазира. Жасым 27-де, Түркістан облысының тұрғынымын. Алланың қалауымен 7 сәбиімді өмірге әкелдім. Әр баламның өмірге келуімен қатар біздің үйде үлкен қуаныштар орын алады. Балаларымнң күлкісінен өмірге деген құштарлық аламын. Қазірі таңда балаларымның үлкені 11 жаста, ол менің бірінші көмекшіме айналды. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған осынау байтақ қазақ елімізде сәбилердің көп болғанын қалаймын. Мен бүлдіршіндерімнің келешегіне сенімдімін. Еліміздің жастарын көпбалалы болудан қорықпауға шақырамын. Әр бала өз несібесімен келеді», – деп береді Жазира Тұрғынованың сөзін ҚазАқпарат.

Алайда дәл осы үндеуінен кейін 7 баланың анасының сөзі жұрттың қызу талқысына түсті.

«Жақында ғана БАҚ ең жас көпбалалы ана 27 жастағы Жазира Тұрғынова туралы жазған еді. Ол 9 адамнан тұратын отбасы жалдамалы пәтерде тұратынын, балаларға берілетін жәрдемақыға және күйеуінің кездейсоқ табатын табысына күн көріп отырғанын айтқан. Енді дәл осы әйелді форумда «бақытты ана» ретінде сөз сөйлеуге мәжбүрлеген. 6 күнде не өзгерді?» – деп жазды Facebook қолданушысы.

ҚазАқпарат мәліметінше, 26 жасында көпбалалы ана атанған Жазира Тұрғынова мектепті тәмамдай салысымен тұрмыс құрған. Бүгінде оның 7 баласының алды 11 жаста болса, кенжесі – 8 айлық. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Отағасының тұрақты жұмысы жоқ. Жазираның өзі балаларын қарап, үйде отыруға мәжбүр. Сондықтан балаларға мемлекеттен берілетін жәрдемақыны ғана көңілге медет қылып отыр екен.

Көпбалалы болуға шақырамын: Көпбалалы ананың сөзі қазақстандықтарға неліктен ұнамай қалды?

Сурет: ҚазАқпарат

«Ұзынарық аулында 11 жыл бойы тұрдық. Ауылды жер болған соң күйеуіме ол жақта жұмыс болмады. Күйеуіме жұмыс табылар деген ниетпен Шымкенттің маңындағы Жұлдыз елді мекеніне көшіп келдік. Қазір пәтер жалдап тұрып жатырмыз.

Өзім болсам жеті баланы қарап, үйде отырмын. Себебі, олардың тамағы, мектепке баратыны бар. Қазірдің өзінде 4-еуі мектепке барады. Оларды апарып, алып келу керек дегендей. Үш перзентім әлі кішкентай. Күнделікті тамақ пен киім-кешектеріне қаражатымыз жетпей қалып жатады. Кейде қарыз болып қаламыз.  Күйеуімнің күнделікті тапқан азын-аулақ ақшасын жеткізуге тырысамын. Ара-арасында туыстарымыз бен көршілеріміз қарасып тұрады. Балаларым тамақты тойып ішпесе де амалдауға мәжбүрміз. Енді кішкентайым бір жасқа толса, ондай жағдайымыз қалай болатынын білмедім. Себебі оған төленетін жәрдемақы қазір жанұямыздың негізгі қаражаты», – деген еді Жазира Тұрғынова.

Көпбалалы болуға шақырамын: Көпбалалы ананың сөзі қазақстандықтарға неліктен ұнамай қалды?

Сурет: ҚазАқпарат

Расымен де айналасы жеті күннің ішінде бұл отбасында үлкен өзгеріс бола қойды деп айту қиын. Сондықтан желі қолданушылары 7 баланы бағып-қағып отырған «бақытты анаға» үй берілсе деген тілектерін айтуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау