Шикіліктер болды: Данияр Елеусінов бұрынғы промоутерімен келісімшарттың не үшін бұзылғандығын айтты
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Fighttalk.net сайтына берген сұхбатында MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен және Майк Алтамурмен арада болмай қалған ынтымақтастық туралы айтып берді.

Елеусінов олармен былтыр қаңтарда келісімшартқа қол қойған болатын, алайда көп кешікпей келісім бұзылған, деп хабарлайды Sports.kz.
«Шындығында, сол промоутерлік компанияда шикіліктер болды. Бұл менің қателігім емес. Көңілдегідей болмаған соң, әуесқойлықта қалуды жөн көрдім. Егер сол кезде жақсы ұсыныс жасалғанда, мен соны қабылдаушы едім», — деп атап өтті Елеусінов.
Еске сала кетсек, Данияр наурыз айының басында Эдди Хирн басқаратын британдық Matchroom Boxing компаниямен келісімшартқа қол қойған болатын.
Тағы да оқыңыз:
Жаназа шығарғылары кеп тұратын “табытқағарлар” ма дерсің: Сәуле Әбединова мешіт имамдарына сын айтты
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды