Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сервистің барлық түріне 1 минут ішінде қол жеткізу: Jusan тұтынушыларды жаңа қызметтерімен таныстырды

Заманауи банкті дамыту үшін бірінші кезекте компанияның барлық қызметкерлері төрағадан бастап, қызмет көрсетушіге дейін өз тұтынушыларына жақын болып, олардың сұраныстарын білуі қажет. Осы мақсатта Jusan Bank тұңғыш рет Jusan Retail Fest ұйымдастырды. Фестиваль аясында банк топ-менеджерлері мен аймақтағы филиал директорлары фронт кеңседе тұтынушыларға қызмет көрсетіп, кейіннен оларды Алматыдағы Республика сарайына шақырып, жаңа қызмет түрлерін таныстырды.

 Jusan Retail Fest-тің басты мақсаты – тұтынушылар қажеттілігін біліп, сервисті жақсарту.

"Jusan Retail Fest — тұтынушылардың көп уақытын жұмсамай-ақ жаңа тауарларымыз бен технологияларды таныстыруға жол ашатын шара. Банктің әр саласындағы басшылар клиенттер қызығушылығын арттыратын мобильді қосымшадағы және одан өзге де жаңа қызметтер мен тауарларды ұсынады. Қазіргі таңда Jusan қаржы, сақтандыру, инвестициялау, маркетплейс, мобильді байланыс, білім беру, саяхаттау сынды тұрғындардың күнделікті қажеттілігін өтейтін қызмет түрлерін көрсетуші цифрлық экожүйеге айналды. Осының арқасында бізге 3 миллионнан астам қазақстандық сенім білдіріп отыр", - деді Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

Jusan бонустары мен карта ерекшеліктері туралы Product Owner Нығмет Абдрахманов айта кетті.

"Қазіргі таңда Jusan - Қазақстандағы ең жылдам дамып келе жатқан банк. Жай онлайн банк деңгейінен өзіндік сервистері бар ірі экожүйеге айналды. Бұл жүйенің мүшесіне айналу үшін не істеу керек? Біздің команда сервистің барлық түріне 1 минут ішінде қол жеткізу мүмкіндігін ашты. Өткен жылы 2 жарым миллион Jusan Pay картасы шығарылды. Егер олардың барлығын бір жерге жинаса, Алматыдағы телемұнараны 6 рет толтыруға болады. Jusan QR, Google Pay, Apple Pay мен Samsung Pay сервистері арқылы төлем жасап біздің клиенттер өткен жылы жалпы соммасы 3 миллиард бонус алды. Бұл ақшаға 100 Tesla автомобилін сатып алуға болады", - дейді ол. 

Ал Product Owner Владимир Ким Jusan төлем жүйесі ерекшелігін сөз етті. Ол ай сайын азаматтарға келіп отыратын коммуналдық қызметтерді Jusan арқылы оңай есептеп, төлеудің жолдарын түсіндірді.

"Мысалы, сізге үйдің жылыту жүйесіне төлем келді. Сіз оны тексеріп алғыңыз келеді. Бірақ қалай жасау керегін білмейсіз. Ондай кезде сіз Jusan калькуляторын қолдана аласыз. Өзіңіз жиі жасайтын төлемдерді таңдаулыларға сақтап қойсаңыз болады. Төлемдерден түскен бонусты осы қарыздарды өтеуге жұмсай аласыз. Бұл тек коммуналдық қызметке қатысты емес, балабақшаны да, қоғамдық көліктегі жол ақысын да төлей бересіз. Ал қызмет көрсетуші компаниялар қосымша арқылы төлем қабылдау үшін бір құжатқа қол қояды. 5 минуттан кейін біз сіздің серіктесіңізге айналамыз. Қазірдің өзінде біз мыңдаған компанияның төлем қызметін 24\7 режиміне қостық. Болашақта бұдан да көп қызметтерге жол ашылады", - дейді маман.

Jusan төлем немесе несие сынды қарапайым банк қызметтерін ғана емес, инвестиция құйып, қаржы сауаттылығын арттыру бағытында да көптеген жұмыс істеп келеді. Бұл туралы Jusan Invest өкілі Мерей Тілеуғазин айтып берді.

"Біздің мақсатымыз инвестициялауды қарапайым қолжетімді тауарға айналдыру. Яғни қомақты қаржысы бар адамдарға ғана емес, кез келген адамға инвестиция құюға жеңіл жол ашып, мүмкіндік беретін, қолдау көрсететін сервиске айналу. Күнделікті таңғы 9:30-да біздің сарапшылар инвестицияға қатысты талқылаулар жүргізеді", - дейді маман. 

Мерей Тілеуғазин балаларға арнап Junior мобильді қосымшасын да таныстырып өтті. Оның айтуынша, мұнда балалар қаржы сауаттылығын арттырып, қор биржаларымен таныса алады. 

Jusan Bank цифрлы экожүйесін жаңалау арқасында көптеген қызмет түрін ұсынып отыр. Дәлірек айтқанда: банк қызметтері, сақтандыру, инвестициялар, маркетплейс, саяхат, билет алу қызметі, мобильді байланыс және білім беру. Осы қызметтердің барлығын қосу арқасында қазір 3 миллионнан астам адам клиентіне айналды.

Талқылау