Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Комментатор Головкинді Ресей құрамасының футболшысымен шатастырып алды

Британиялық ITV Sport Football телеарнасының комментаторы Сэм Мэттерфейс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді Ресей құрамасының футболшысымен шатастырып алды.

Безымянный

“Головкинді алаңда көргенім үшін қуаныштымын. Ресейліктер тарапынан ең қауіпті ойыншы ол Смолов. 19 гол соққан, құрама сапындағы 50-ші ойынын өткізіп жатыр”, – деп жазды комментатор әлеуметтік желіде.

Мэттерфейс қазақстандық боксшы Головкинді Ресей құрамасының ойыншысы Александр Головинмен шатастырып алған секілді. Ол Конфедерация кубогының алғашқы матчында Жаңа Зеландия құрамасына қарсы 90 минутты түгел ойнаған болатын.

Бұл ретте комментатор тек футболшылардың есімін ғана шатастырмаған. Ол сондай-ақ, құрамалардың ұлттық туларын да ауыстырып – Ресей туының орынына Словения жалауын белгілеген.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Геннадий Головкин ағасымен бірге Алматыға келді

Талқылау