Қомақты қаржы тауып алған шымкенттік даяшы оны иесіне қайтарып берді (фото, видео)

Жексенбі, 23 Шілде , 2017 9:00

Гүлнар есімді ару қалалық мейрамханалардың бірінде даяшы болып істейді. Күнделікті жұмысқа жаяу баратын ол қала ортасындағы «Golden class»сұлулық салонының алдынан 200 000 теңге көлемінде қаражат тауып алған. Конвертке оралған қаражаттың бір тиынын да алмай, салон иесіне әкеліп табыстаған. Қыздың адалдығына риза болған салон әкімшілігі бұл туралы Stan.kz редакциясына арнайы хабарласып, мән-жайды баяндап берді.

IMG-20170723-WA0015

Салон қызметкерлері қаржының иесін бейнетаспа арқылы оңай анықтаған. Ол өздерінің тұтынушыларының бірі – Назар есімді азамат болса керек. Салон әкімшілігі оған қоңырау шалып, конвертте қандай валютада қанша сома болғанын  сұрастырып шын иесі екеніне көз жеткізген. Тек содан кейін салонға шақыртып, ақшаны өзіне қайтарған. Назар мырза сол күні атаулы салонға алғаш рет келсе керек.  Оның Астанадан күнгейге көшіп келгеніне аз ғана уақыт болған. Ақшаның жоғалғанын байқағанда, қайта табамын деп үміттенбегенін де айтады.

IMG-20170723-WA0004

«Маған алғаш хабарласқанда,  сенер, сенбесімді білмедім. Біреу-міреу тауып алса да, қайта қайтарып бермес деп ойлағам. Бірақ шынында да, адал жандар көп екен, әсіресе, Шымкентте. Шымкенттіктерді, өкінішке орай, көпшілік сынап-мінеп жатады. Ал негізінде мұнда жомарт, турашыл, мейірімді әрі қонақжай жандар тұратынына көзім жетті. Жоғалған ақшаның табылғанынан бұрын жергілікті халықтың шыншылдығына, әдебіне көріп қуандым. Олардың орнында өзім болсам, дәл осылай жасар ма едім, білмеймін (күледі)»”, – дейді Назар.

IMG-20170723-WA0002

Назар мырза ақшаны алғаш тауып алған Гүлнар есімді аруды тауып, ризашылығын білдіріп, оған 50 000 теңге табыстаған. Ал салон қызметшілеріне 20 000 теңгеден үлестірген.

IMG-20170723-WA0008

Ал Гүлнар есімді 21-жасар ару өзінің орнында кім болса да, осылай жасарына сенімді.

IMG-20170723-WA0005

«Бұл – әрбіріміздің адами борышымыз. Бөтен біреудің ақшасын алып кеткен күнде де ол маған дүние болмас еді. Алла бәрін көріп тұр. Сондықтан өзіме алып қалмақ түгілі, тіпті, конвертті ашып, ішіндегісін санап та көрмеппін”, – дейді Гүлнар.

Оқи отырыңыз:

Айгүл Орынбек: Маған қастандық жасалса, Тазабековтың адамдарынан көрем

“Еңкейсе іш киімі көрінеді”: Қазақ азаматы оқушылардың мектеп формасын сынға алды

Астаналық таксист шетелдік жолаушылармен 36 тілде сөйлесе алады

Бала-шағасы бас тартқан 70 жастағы Жұмабек ақсақал қарттар үйіне орналасуды армандайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Бәрі тамаша. Тек екі қазақ ана тілінде тілдеспегені өкінішті

  • Anonymous says:

    Красаучеги!!#

    • Anonymous says:

      Алла разы болсын.Менде Шымкентіктердің ақ жүрек екеніне сенемін.Әрине адамның бәрі бірдей емес.Бірақ жақсы,адал жандар жетерлік.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар