Қолы жоқ фермер мен аяғы жоқ әйелінің махаббаты жұрттың жүрегін елжіретті
Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында тұратын отбасы желі қолданушыларын таңғалдырды.
Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бұрын әскери қызметкер болған Лю Хэй жұмысындағы оқыс жағдайдың салдарынан қолынан айырылған. Ер адам 2007 жылы теледидардан 13 жасында аяғынан айырылған Ли Мэйвэнь туралы сюжетті көріпті. Мұнан кейін ол бойжеткенді іздеп тауып, ұсыныс жасаған.
«Екеуіміздің қол-аяғымыз бір болады. Екеуіміз бірге бақытты өмір сүре аламыз», – депті Лю Хэй.
Ли Мэйвень оның ұсынысын қабыл алады.
Ендігі Лю мен Ли бірге баласын тәрбиелеп отыр. Олар өздерінің фермасында тауық асырап, көкөніс өсіреді. Отбасы қызын мықты әрі еркін етіп өсіру үшін, өзгелердің көмегі мен ақшасын қабыл алмайды екен.
«Фермадан тауып жатқан табысымыз үшеуімізге жетеді. Біз өзгелердің мейірімділігі арқылы күн көргіміз келмейді», – дейді отағасы.
Қытайдың «Синьхуа» мемлекеттік ақпараттық агенттігі WeChat-та ерлі-зайыптының суретін жариялағаннан кейін, Лю мен Ли әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болды. Көпшілік оларға бақыт тілеп, суретте қыздарының өте бақытты болып тұрғанын айтты.
You are my hands, and I am your legs.
Liu Hai has lost his arms, and Li Meiwen has lost her legs, but they have found each other. After 11 years of marriage, this couple know the true meaning of love. pic.twitter.com/fDwt1lQSyu— China Xinhua News (@XHNews) 4 декабря 2018 г.
«Бұл суреткен қарағанда, мен де өзімді бақытты сезінемін», – дейді пікір қалдырушылардың бірі.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.