Колумбияда апатқа ұшыраған ұшақ ұшқышының соңғы сөздері жария етілді

Бейсенбі, 1 Желтоқсан , 2016 13:41

Бразилиялық «Шапикоэнсе» командасын алып бара жатқан ұшақ ұшқышы қайғылы оқиға орын алмас бұрын диспетчерлерден қонуға арналған ұшақ жолағының координаттарын беруді өтінген.

крушение

Mirror басылымының жазуынша, хабарламаны футболистер отырған лайнерге жақын маңда ұшып бара жатқан ұшақ қабылдаған. Ұшқыш Мигель Кирога шектік жағдай жария етілгеннен кейін диспетчерлерге жанармайдың таусылып бара жатқанын және ұшақтың құлап бара жатқанын айтқан. Сондай-ақ, ұшқыш көмек сұраған.

Мигель Кирога: «GPS жұмыс істемей тұр, не болғанын мен білмеймін. Электроника істен шықты, толықтай істен шықты. Қонуға арналған координаттарды беріңдерші. Радармен байланысым үзілді. Қонуға қажетті координаттарды беріңдерші. Қонуға қажетті координаттарды беріңдерші. Біз құлап барамыз. Көмектесіңіздер! Ұшу жолағының координаттарын беріңдерші. Біз 1000 футқа…».

Дәл осы сөздерден кейін ұшақ экипажының хабарламасы тоқтады.

Бұған дейін Колумбияда ұшақ құлаған жерде құтқару операциясының аяқталғаны хабарландын. Билік 75 адамның қаза тапқанын растады. Олардың 27-сі бразилиялық «Шапикоэнсе» футбол командасының ойыншылары. Қайғылы оқиғадан алты адам аман қалды.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та ер адам өзінің 10 апталық қызын зорлап өлтірген

Әзербайжанда интернетте президентті балағаттап жазғандар айыппұл төлейтін болды

Кіші Ислам Кәрімов: Анам тірі, бірақ Өзбекстанда халыққа оның тек егізін көрсетіп келеді

Ресейде ұры таксист жолаушыларын мандарин беріп улап отырған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
3 күні 16 сағат кері

Жаны қиналғанда қайтсін енді

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар