Қолтырауын цирк қызметкерінің басын жұлып тастай жаздады
Желіде Вьетнамда болған қайғылы оқиға туралы видео тарады. Аталған видеода қолтырауын ер адамның бетінің сау жерін қалдырмай, басын жұлып тастай жаздаған сәті таспаланған.
Видеодан цирк қызметкерінің айқайын естуге болады. Қолтырауын оның басын тістеп алып ары-бері жұлқылап жатыр екен. Жағы сынған қызметкер аман қалды.
Цирк қызметкерлері бұл нөмірді орындап жүрген қолтырауынның бір күн бұрын өліп қалғанын айтқан. Сол себепті оны тәжірибесіз қолтырауынмен алмастыруларына тура келген екен.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде