Көлікті заңсыз тоқтатса не істеу керек?

Сәрсенбі, 24 Тамыз , 2016 9:36

Көп көлік жүргізушілерін осы сұрақ мазалайтыны белгілі. Себебі өзінің заңды құқықтарын көп адам білмейді.

жол.пол

Ал біліп жүрсе, өзгелерге жеңіл әрі пайдалы болар еді.

 Мысалы, Жол-потрульдік полиция  қызметкері жылдамдықты арттырады деп тоқтатты дейік. Ал мониторда онша анық емес үш көлік тұр, нөмірлері де көрінбейді. Мұндайда не істеу керек? Әрине, жол полициясы  көліктердің қайсысы ереже бұзғанын нақтылап бере алмайды. Себебі оларда жылдамдық артқаны көрінгенімен, оның монитордағы көліктердің қайсысына тиісті екені нақты емес. Сондықтан қайсысы ереже бұзғанын инспектор нақты дәлелдеп беруі керек. Дәлелдей алмаса, онда, әрине, жүргізуші кінәсіз деп табылады. Кейде «қызылға» өттің, «ремень» тақапғансың деп те тоқтатады. Бірақ инспектор оны дәлелдей алуы керек, дәлелдей алмаса, жүргізуші кінәлі емес деп танылады. Яғни құр инспектордың сөз жүзіндегі айтқандары дәлел емес, оған қандай да бір техниканың дәлел немесе куәлердің куәлігі керек болады.

 Егер инспектор ереже бұзу немесе тағы басқа да заң бұзушылық оқиғасын анықтаған жағдайда, егер көлік жүргізуші өз қателігін мойындаса, онда бұл жөнінде  хаттама толтырылып, айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл оқиға орнында, тек соған қатысты ғана салынады, көлік жүргізу құқынан айыруға немесе әкімшілік «тоқтамға» алуға қатысты емес.

 Жүргізуші «штрафты» оқиға орнында төлей алмаса да хаттама толтырылады. Ереже бұзу оқиғасы құрылғыға түсіп қалмаса, куәгерлер жоқ болса, тәртіп бұзу ұсақ-түйек болғанның өзінде де хаттама оқиға орнында толтырылады. Ол әкімшілік сотқа өтуі мүмкін. Істі қарау кезінде барлық жиналған материалдар есепке алынады. Дәлелдемелер есепке алынады. Ол фотосурет, бейнежазба, куәлердің көрсетуі, сынама нәтижелері болуы мүмкін.

 Көлік жүргізуші өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін мынадай қадамдар жасай алады. Хаттамаға қол қойған кезде ондағы айтылған жайларға қарап болсаңыз, келіспеңіз. Бұл жөнінде көрсетуіңіз керек. Нақты немен келіспейсіз, оны анық көрсетіңіз. Көп болса, бөлек қағазға түсініктеме жазыңыз. Онда куәгерлер туралы, мекен-жайларын, телефон нөмірлерін материалдарды жазбаша түрде жинап, іске қосып тігіңіз. Инспектормен болған әңгімені диктофонға тазып алыңыз. Хаттама жазушы қызметкердің аты-жөнін, жетон нөмірін, көлік нөмірін жазып алыңыз. Егер ол заңсыз әрекет жасаса, арыздана аласыз.

Жалпы, өзіңізді сенімді ұстаңыз. Кінәлі болмасаңыз, заңды түрде дәлелдеңіз. Инспектормен келіспейтін болсаңыз, мәселені заңды түрде хаттамаға түсіруді сұраңыз. «Сенім телефонын» пайдаланыңыз. Қағазға өз шағымыңызды жазып, біреуіне оның қол қойып беруін сұраңыз. Бланкті полиция қызметкері беруі керек, бермесе, онда арызды жай қағазға да түсіруге де болады.

 ҚР Азаматтық құқық бұзушылықтар туралы кодексінде «Кінәсіздік презумпциясы» деген бап бар. (12-бап). Онда былай делінген:

1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалған адам кінәсі дәлелденбейінше, Кодексте көрсетілген тәртіп бойынша кінәсі дәлелденбейінше және бұған қатысты сот шешімі күшіне енбейінше кінәсіз деп есептеледі.

2.  Ешкім де кінәсіздігін дәлелдеуге тиісті емес.

3. Құқық бұзуға қатысты қозғалған іс кінәлілігіне қатысты күмән туған жағдайда кінәлі болуы мүмкін деп танылған адамның пайдасына шешіледі. Заң талаптардың қолдану кезінде туындаған күмәндар да өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылыққа орай іс қозғалған адамның пайдасына шешіледі.

Яғни күдік, күмән негізінде шешім шығаруға болмайды, кінәлі деп көрсетілген адамның кінәсі толық дәлелденуі тиіс. Дәлелденбеген жағдайда ол кінәсіз деп табылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • Анонимно says:

    Оте орынды айтылган камерага тусирип алмасан далелдеу киын

  • Анонимно says:

    Рахмет шынында мақау екенбіз

  • Марат says:

    Осы қала ішінде жүргенде артқы орындықта отырған адамға белдік тағу міндет па ? Болса қайда , қай бапта жазылған ?

  • Димаш says:

    23.08.2016 Мені заңсыз тоқтатып, өтірік алдап қол қойдырды. Отработка жүріп жатыр, согласен деп жазыңыз, штраф жазбаймыз деп опасыздық істеді. 5303 теңгенің квитанциясын ұстатып тайып отырды. Жетонының номері 0197. Қазақ жігіті. Бес жарым мың ер азаматтың құны емес қой. Бірақ қынжылтатыны осындай азаматтар біздің елдің тыныштығын қалай күзетеді? Жалғанды жалпағынан басып жүрген опасызды құдай есебінен тапсын дедім. Ещё 22 күнгі числомен жаған

  • Анонимно says:

    Тым болмаса “машинаның аяғы бірдей емес” деп немесе т.с.с. Сылтау таба қояды.

  • Қайрат says:

    Машинада жүріп келе жатып радармен қарсы түсіруге болады. Ол радардың мүмкіндігіне байланысты. Радар экранда арнайы режим қосылып тұрады

  • Қайрат says:

    Құрметті жүргізушілер! Кейбір сұрақтарға жауап берейін. Кейде сіздерді ОПМ (қазақшасы: жедел тексеру іс-шарасы) деп тоқтатады. (Көп жағдайда ол сылтау болып табылады) Ондай жағдайда сол ОПМ-нің бұйрығының көшірмесін сұраңыз. Ол инспекторда міндетті түрде болуы керек. Болмаса əкелгенше құжат бермеуге құқыңыз бар.

  • Бакытжан Сыдыков says:

    Казакстан заны тесик шарбак сиякты. Айналып отетин жолы коп. Зан шыкканмен 119 буйрык дейди. Рейд рейди. Сот орындаушылар дейди. Одан калса “желтый уровен терростический опасность” – деп сыныктан сылтау тауып, аш масаша канынды ишип болады. Так что зан это “финкини грамото”” просто!!!!

    • Анонимно says:

      Дурыс айтасыз терроризмде осындай сылтау гана б ирак улкеен масштабта

  • Анонимно says:

    Мені мазалайтын мына сұрақ жол патрруль тоқтаты не үшін деп сұрасаң құжат сұрайды бүл қай заңда қолданып тұр

    • Шопыр says:

      Нарушение болмаса құжат түгіл тоқтатуға құқығы жоқ.

  • Анонимно says:

    Олар бəрібір мойнына қиып салады ақша алудың амалын жасайды менің сұраным үлкен трассада келе жатқан да қарсы түсіруге болады ма жүріп жүріп осыған жауап берсеңіздер

    • Анонимно says:

      Негізі жүріп қарау керек нарушениені әр жерде тұрып тоқтатыуға құқтары жоқ

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар