Көлікпен бірге суға батып бара жатқан әйел мен бала құтқарылды (Видео)
Амстердамда кетіп бара жатқан төрт адам автобильмен бірге каналға құлап кеткен әйел мен оның баласын құтқарып қалды. Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алып, желіге салған екен.
Тұрақта тұрған көлік аяқ астынан суға қарай сырғанай жөнелген. Әйел адам тоқтатпақ болады, алайда көліктің тежегіші істемей қалады. Абырой болғанда төрт құтқарушы көмекке келеді. Олар басында автоның терезелерін таспен ұрып, сындырмақ болады. Алайда ол әрекеттері жүзеге аспай қалады.
Одан кейін құтқарушылардың біреуі өзінің көлігінен балға алып шығып, оның көмегімен суға батып бара жатқан көліктің ішінен әйел мен оның кішкентай қызын соңғы сәтте құтқарып қалады. Бірнеше секунд өткеннен соң автомобиль суға кетеді. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"