Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылқыны қағып кетті: Алматы облысында жол апатынан бір бала мерт болып, 7 адам зардап шекті

Алматы облысында жеңіл көлік жылқыны қағып кетті. Салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған жерде 14 жасар қыз көз жұмып, тағы 7 адам ауруханаға жеткізілді.

Көлік жылқыны қағып кетті: Алматы облысында жол апатынан бір бала мерт болып, 7 адам зардап шектіЖ

Сурет: CC0 / Karl Bustamante

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

ЖКО 18 қыркүйекте Талғар-Ақбұлақ тасжолында орын алған. «Лада» маркалы автокөлігі жолда жылқыға соғылған. Артынша көлік жолдың шетіне шығып кетіп, ағашқа соғылыпты. Жеңіл көліктің ішінде 3 ересек, 5 бала отырған. Олардың бірі оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖКО-ға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық тергеу басталды.

Апат салдарынан зардап шеккендер түрлі жарақатпен Талғар ауданлық ауруханасына жеткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау