Көлік қақпаған: Алматыда ағаш түбіне тастап кеткен баланы туған әкесі ұрып тастаған

Алматы полицейлері 4 жасар Мұхамед Асқароғлыға қатысты істің бетін ашты, деп хабарлайды қалалық ІІД-не сілтеме жасай отырып Stan.kz.

4 жасар бала Алматының шығыс айналма жолынан табылған болатын. Оны әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды.

Бұған дейінгі ақпарат шындыққа жанаспайды. Куәгер қыз баланы қара түсті көлік қағып, қашып кетті деген еді.

Бейнебақылау таспаларын тексере келе және жедел тексеру тобының көмегімен баланы өз әкесі таспен ұрғаны белгілі болды. Мұхамедтің жарақаты көлік қаққанға ұқсамайды.

Өзге де куәгерлерден жауап алынды. Таспаның бірінен әкесінің баласын қолынан ұстап кетіп бара жатқаны байқалады. Екінші таспада әкесінің ұлын адам жоқ жерге апара жатқаны, оның тәртібіне ашуланып басынан таспен ұрғаны байқалады.

Полицейлер оқиға орынан шөп пен дәл сол тасты тапты. Оқиға орнында ересек адамның болғаны анықталды.

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, айғақ заттардың сараптамадан өтетінін айтты.

Баланың әкесі Мұрат Асқар-оғлы кінәсін мойындап, жаза өтеуге дайын екенін жеткізді.

«Мен таңертең арақ іштім. Балам менімен бірге жүргенде мазасызанып кетті. Тас алдым да, оны ұрып жібердім. Құлап қалғандықтан қорқып кеттім. Автобусқа отырып, жұмысқа бардым. Сол жерде жуындым. Полицейлерден, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Жазаны өтеуге дайынмын. Кешірім етуге лайық емеспін», – дейді әкесі.

Тергеу ісі толықтай қала прокуратурасының бақылауында. Ведомствода айтылғандай, оқиғаның әрбір қатысушысы, соның ішінде жалған куәгерлік берген қыздың ісі де заң бойынша қаралады. Жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Полицейлердің кәсіилігінің арқасында істің мән-жайы анықталып, күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Анасы полицияның кінәлі жанды таба алмай жатқанын айтып, алматылықтардан көмек сұраған еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар