Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік ішінде жыныстық қатынасқа барған екі жас суға батып кете жаздады

Көліктің ішінде жыныстық қатынас жасасып жатып, сол машинасымен бірге мұздың астына кетіп қала жаздаған 29 жастағы қыз мен 31-дегі жігіттің жайын бүгін, 26 қаңтар күні бүкіл Чехияның жұрты естіп-білді. 26-01-16-seks2

Бұл туралы Raz.kz хабарлайды.

Ғашықтар көліктерін қатып қалған көлдің жанына қойып, өздері салонда секспен айналысып кеткен. Бұл қолайсыз оқиға Прагаға жақын маңдағы Градец-Кралове қалашығы жанындағы су қоймасы ауданында орын алған. Қаңтардың суық күнінде ересек қыз бен жігіт өз көліктерімен осылай оңашаға шыққан.

Олардың тірліктері буырқанған тұста автомобиль орнынан жүріп кетіп, тоғанның қатып жатқан мұзының үстіне жеткен. Сол жерде ауыр көлік мұздың астына батып кете барған.

«Осы демалыс күндері біз өзгеше оқиғаға тап келдік. 29-дағы қыз бен 31-дегі жігіт жұрттан жыраққа барып, өзді-өзі демалмақшы болған. Көшеде қатты суық ұрып тұрғандықтан, жігіт машинаның моторын өшірмей қоя салған. Ал олар секспен айналысып жатқан кезде біреуінің аяғы беріліс қорапшасына тиіп кеткен. Бір жақсысы, машина суға батып бара жатқанда, екеуі тыр жалаңаш қалыптарында сыртқа секіріп үлгерген», – деді қалалық полицияның өкілі.

26-01-16-seks1

Құтқарушылар тобы келесі күні мұз астынан автомашинаны алып шығарған.

Талқылау