Қолда өскен арыстан иесін талап тастады
Меккиканың Сьюдад-Хуарес қаласының тұрғыны ауыр халде ауруханаға түсті. Оны өзі өсірген арыстаны талап тастады.

Зардап шегуші ауқатты ауданда тұрған. Ол арыстан мен жолбарыс асыраған.Үй ауласына жыртқыштарды еркін жіберіп қойған. Екі жыртқыштың да ресми құжаты болмай шықты.
Полицейлер аулаға келгенде үй иесі еденде ессіз күйінде жатты. Қолы мен мойнында, 20 см-дей жара ізі болды. Оған шапқан арыстан аулада бассейн жанында жатқан. Аузы-мұрны қан-жоса болған.

Екі жыртқыш қамауда. Оларды сафари-бақ секілді ашық аспан астында мекендейтін жерге орналастырады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ