"Шыдамайды": Баян Алагөзова күйеуінің соққысынан кейін көзінің әлі ауыратынын айтты
Продюсер Баян Алагөзова жиі қойылатын сұраққа жауап беріп, неге көзілдірігін шешпейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бұл жайлы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. Жұрттың көзіне көзілдіріксіз шыға бермейтін прдюсер құпиясын жасырмады. Оның айтуынша, зақымданған көзі жарыққа шыдай бермейді екен. Ал көзілдірік жарықтан қорғанудың жақсы жолы көрінеді.
«Жиі қойылатын сұраққа жауап бергім келеді. Неге мен үнемі көзілдірікпен жүремін? Өкінішке орай, зақымданған көзім күнге де, жасанды жарыққа да шыдамайды, қабынып, қолайсыз жағдай тудырады. Ал көзілдірік - қолайсыз жағдайлардан құтқарушы. Сұрақққа толық жауап бере алдым деп ойлаймын», - дейді продюсер.
Көзілдірік Баян Алагөзованың сұлулығына нұқсан келтірмейтінін, әдемілігі сол қалпында қала беретінін жарыса жазды оқырмандары.