Қоластындағы медбикені зорлаған намазхан дәрігер жазадан құтылып кеткен

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 14:07

Бас дәрігер мерекелік отырыстан кейін зорлаған Алмагүл Құсайыноваға қатысты сот ісі қайта қаралып жатыр.

19397785_1044164715718830_1044851344_n

Осы уақытқа дейін аталған іс тергеушілер мен бас дәрігердің ықпалынан жылы жабылып келген. Бастапқыда болған оқиғаны жасырмақ болған Алмагүл Құсайынова барша БАҚ өкілдерінің алдында басынан өткен қайғылы оқиғаны жайып салды.

“Намаз оқитын бас дәрігерімізден мұндайды күтпедім. Қызымды жалғыз асырап отырғандықтан, басымда несие болғандықтан, бірден арыз жаза алмадым” дейді  келіншек Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында..

2017 жылдың мамыр айында 13-нен 14-не қараған түні бас дәрігер Ермек Үсенбаев қоластында жұмыс істейтін Алмагүл Құсайынованы зорлаған. Мерекелік отырыстан кейін саябаққа алып барып дөрекі мінез көрсетіп, полицияға арыз жазған жағдайда жұмыстан қуып жіберетінін айтып қорқытқан.

Бірақ, ертесінде Құсайынова полицияға арыз өткізген. Алайда тергеуші бас дәрігерді жақтап, жәбірленушіге қысым көрсеткен. Тіпті, арыз жазу райынан қайтармақ болған.

“Сол түні медбикелер мерекесін атап өтіп жатқанбыз. Осыдан кейін бәріміз үйді-үйімізге тарадық. Әріптесім Ермек Үсенбаевтан мені үйге шығарып салуын өтінді. Ол да, мен де келістік. Себебі, сырттай үлгілі әке, үлгілі жар болып көрінетін еді. Оның үстіне намаз оқитын азамат болатын. Таксиден түскен соң саябақтың іші арқылы үйге қарай беттедік.

Сол жерде мені екі мәрте зорлады. Оның маған қандай дөрекі мінез танытқанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. “Сен алғашқысы немесе соңғысы емессің” деп бетіме айтты. Яғни ол басқада қоластында жұмыс істеген  қыздарды осылай зорлап жүрген. Ал ол қыздар үнсіз жүре береді. Осы сөздерімнен кейін тергеуші оның басқа қыздарға зорлық-зомбылық көрсеткен-көрсетпегенін анықтауы тиіс еді. Алайда ол істі үнсіз жаба салмақ болды”, – дейді Алмагүл Құсайынова.

Алайда Алмагүл құқық қорғау органдарына бірден арызданбаған. Жалғыз қызын өзі асырап отырғандықтан, жұмыстан шығып қалудан қатты қорыққан. Оның үстінде басында несиесі бар екен. Бірақ, ертесі күні бір шешімге келіп, ақыры полиция бөлімшесіне барған. Ол жердегілер жәбірленушінің сөзін жоққа шығарып қана қоймай, 12 сағат бойы су мен тамақ бермей, дәретханаға шығармай ұстаған.

19397785_1044164715718830_1044851344_n

“Полиция бөлімшесінде белгілі бір құжаттарға қол қойғызып алған. Адам сау кезінің өзінде құжатта не жазылып, не жазылмағанын толық аңғара алмайды. Ал Алмагүл Құсайынованың қандай жағдайда болғанын өздеріңіз түсініп тұрсыздар.

Бірақ, бас дәрігер Алмагүл Құсайыновамен сексуалдық қарым-қатынаста болғанын жасырмайды. Тек барлығының ортақ келісіммен болғанын айтып ақталып отыр. Бір шетінен қорғаушысы болмағанын да пайдаланып отыр.

Тергеу жұмыстарын жүргізетін Тілеуберді есімді жігіт оны танитын болып шыққан. Сол азамат басқа қызметкерлерге іске қатысты қандай протокол жазу керектігін айтып отырған. Жігіттер құжаттарды соның айтуымен толтыруға мәжбүр болғандарын мойындаған. Ал Алмагүл барған Есіл ауданының прокуратурасындағы прокурор Елібаев мырза “Құжатта барлығы дұрыс жазылған. Тілеубердінің тарапынан еш қателік кетпеген” деп шешім шығарған.

Мұнымен қатар, Алмагүлге құжаттармен танысқысы келген жағдайда, алдымен, “жазылған дүниелерге еш қарсылығым жоқ, барлығы шындық” деген мазмұндағы құжатқа қол қойдырып алмақ болған. Осы тұста Алмагүлдің сол адамға тікелей тәуелді болып отырғанын ұмытпайық.

Бірінші кезекте жалақысына әсер етеді. Біз мамандар Құсайынова, Құсылбековаға және Чидериноваға психологиялық қысым жасалғанын түсініп отырмыз. Мысалы, сот отырысын олар 10 айға дейін созып жүріп алады. Ақырында әйел адам шыдамай барлығынан бас тартады”, – дейді қорғаушы Айман Омарова.

Дәл қазір аталған фактілерге сай тергеу жұмыстары қайта жүргізіліп жатыр. Ермек Үсенбаев кінәсі дәлелденген жағдайда 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.


Жіберіп алмаңыз:

ЭКСПО-дағы Қазақстан павильонының әйнектері шытынып кетті (видео)

Еден жуушы әйел маңдай терімен тапқан ақшасына Астанадан үш пәтер сатып алды

ЭКСПО-ны іске алғысыз етіп сынаған Джеймс Палмер өзінің Қазақстанға келгенін растады

ОҚО-да кәсіпкер имамға көлік сыйлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Намазхан деп не коринди сонша сразу намазын айтып шыгасындар

  • Anonymous says:

    ондай айуанды жабу керек абақтыға 20 жылға, көргенсіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар