Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қол-аяғы байланған полицей кепілге алынған қызды қылмыскерден құтқарып қалды (видео)

Қытайдың Хэнань провинциясындағы Лохэ қаласында полиция қызметкері байланып тұрғандай кейіп танытып, кепілге алынған қызды құтқарып қалды.

Қол-аяғы байланған полицей кепілге алынған қызды қылмыскерден құтқарып қалды (видео)

Бұл туралы New China TV басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Желіде тараған видеода қылмыскердің қыздың мойнына пышақ тақап, оны да, өзін де өлтіретінін айтып сес көрсеткені байқалады. Сонымен қатар ол полицейлерден өзіне жақындамауын талап еткен.

Келіссөз барысында тәртіп сақшыларының бірі, полиция арнайы жасағының капитаны Ванг Пэй қылмыскерден қыздың орнына өзін кепілге алуын сұрады. Ол ер адамды тыныштандыру үшін, өзінің қол-аяғын байлап қоюына болатынын айтқан.

Осылайша, қылмыскердің жанына келген Ванг қол-аяғындағы жіпті шешіп жібберіп, оған тап берді. Өз кезегінде әріптестері полицейге көмекке келіп, қылмыскерді қарусызнадырды.

Операция барысында полиция қызметкері жарақат алды. Ал кепілге алынған қыз зардап шеккен жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау