Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктөбеде шыршаларды аяусыз отағандарға айыппұл салынды

Алматыда әйгілі Көктөбеде ғасырлар бойы өсіп тұрған шыршаларды аяусыз отағандарға айыппұл салынды. Таудың етегінде кәсібін домалатқан кәсіпкер «көпшілік көңіл көтерсін» деп аттракцион салғанда 400-ден астам тамырына балта шапқан екен, – деп хабаралайды КТК арнасының сайты.

photo_11906

Сурет: kaz.tengrinews.kz 

Есесіне, алып құрылыстың айналасы тегістеліп, бетон төселген. Десе де, «Көктөбе» саябағы иесінің өзі «ағаштарды отағаным жоқ» деп азар да безер. Айтуынша, топырақ жіби берген соң тауды нығайту үшін амалсыздан ағаштардың орнын ауыстыруға тура келген. Дегенмен кәсіпкер сау ете қалған тексерушілерге 400-ден аса талды еккен жерін сол күйі көрсете алмады. Ешбір рұқсатсыз тауды талдан тазартқан компания басшысына аз да болса айыппұл салынды. Бар-жоғы 300 мың теңге.

Талқылау