Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда ҰБТ тапсырушы екі оқушының жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілді

Көкшетауда ҰБТ тапсырған екі түлек ауруханаға жеткізілді. Олардың психикасы емтихан талаптарын көтере алмаған сыңайлы.

14_01_2016_skoraya

Көкшетауда өткен ҰБТ-ның үшінші күні бірнеше оқушы өзін нашар сезініп, екеуі ауруханаға жеткізілді.  № 1 мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушысына ми жүйесінің існіуі мен қан тамыры дистониясы деген диагноз қойылған. Ал, екінші қыздың жүйке жүйесі бұзылып, талма синдромы байқалған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі оқушы үйіне қайтарылды.

Білім басқармасында екі оқушының тест тапсырып үлгермегендіктен акт құрылып, олар шілде айындағы кешенді тестілеуге мүмкіндік алғанын хабарлады.

ҰБТ-ны барлығы 3128 оқушы тапсырып, олардың 671-і белгіленген межеден өтпей қалған. «Алтын белгіні» 181 үміткердің ішінен 73 оқушы ақтап шыққан.

Оқи отырыңыз:

Ең жоғары балды жинаған түлектер қай мектептерді бітірді

Талқылау