Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда құтқарушылар иесін іздеп мұз үстінде қалып қойған итті құтқарды (видео)

Мұздың тым жұқалығына қарамастан, басын қауіпке тіккен хайуанның бұл әрекетіне тұрғындардың әртүрлі болжамы бар. 

Мақұлықтың қауіпті мезгілде Қопа көліндегі мұз үстіне шығып кетуі бірінші рет емес. Он күннің ішінде тұрғындардың хабарласуымен құтқарушылар 5 мәрте итті жағаға шығарған. Қайта-қайта көлге жүгіретін төрт аяқты қамауға да көнбей, қашып кеткен. Тым жұқа мұздың үстіне шығуға үйір иттің бұл әрекетіне әркім әртүрлі жорамал айтып жатыр. Құтқарушылар "қыс кезінде мұздағы балықшылардың беретін жеміне үйренген жануар, әдетінен арыла алмай, көлге шабады" дейді. Ал, кей тұрғындар "мұз үстінде жоғалған иесін іздеп жүр" деген болжам айтып жатыр. Кезекті рет құтқарылған ит енді үй жануарларын қорғаумен айналысатын еріктілерге берілетін болады. Еріктілер ұрғашы итті Несси деп атамақ.

"Екі құтқарушы маторлы қайықпен әуелі ит қашпас үшін айналасындағы мұзды шеңбер қылып бөліп алды.Сосын аумен  алып шықты. Тағы да көлге кетпес үшін торға қамап қойдық. Алдағы тағдырын енді еріктілер бақылайтын болады", - дейді Ақмола облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Марат Әбжанов. 

Талқылау