Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 7 қабаттан секірген жігітті полиция аяғынан ұстап қалды

Көкшетауда полицейлер суицидтің алдын алды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

img-20140219134433-386

Фото: progorodsamara.ru

Полицейлердің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай шілде айының басында орын алған. Бұл туралы Көкшетау қаласының тұрғыны, азаматша арнайы «102» телефон нөміріне хабарлаған. Әйелдің сөзіне қарағанда мас күйеу баласы үйінде дау шығарып, қызы мен немересін ұрып жатқанын айтқан.

Оқиға орнына Көкшетау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі жол патрульдік қызметінің қызметкерлері полиция сержанты Нұржан Бәкіров пен полиция лейтенанты учаскелік инспектор Әлихан Қожанов жедел жетеді.

Нұржан Бәкіров мас ер адамның қолынан баланы тартып алып, анасына береді. Сол кезде ер адам балконның есігін жауып алып, 7 қабаттан секірмек болады. Балконның терезесін сындырып кірген полицейлер төмен құлап бара жатқан 32 жастағы ер адамның аяғынан ұстап үлгереді.

Кейін полиция бөлімшесіне жеткізілген ер адам есін жиып, жасаған әрекетіне өкініш білдірген. Қазір оған ішімдік құмарлықтан күштеп емдеу шарасы қолданылмақ.

Талқылау