Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 120-дан астам балықшы сайысқа түсті

Көкшетауда балықшылардың облыстық фестивалі өтті. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты “Ақмола Медиа Орталығы” хабарлайды.

11300650

Сурет “Ақмола Медиа Орталығы”

Сайыста ең үздік нәтижені 41 балық ұстаған балықшы көрсетті. Ұсталған балықтардың ішіндегі ең салмағы ауыры – бір жарым келілік тыран балық болған. Сайысқа Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 122 қатысушы келді. Олардың арасында сгіз әйел де сынға түсті.

Ереже бойынша фестиваль екі кезеңнен тұрды. Бастапқыда балықшылар өздерінің физикалық мүмкіндіктерін паш етіп, үш минуттың ішінде мұзды ойып жарысты. 3 минуттың ішінде сегіз ойық жасаған Юрий Лунга бұл жарыста басқалардан оқ бойы озық шықты. Екінші, үшінші орындарды Вадим Габдрахимов пен Денис Эйсман иеленді.

Бұдан соң балықшылар белгіленген аумақта балық ұстап сайысты. Балық ұстауға 2,5 сағат уақыт кетті. Бұл кезде балықшылардың жемді дұрыс таңдап, балықты епті ұстау сапасына мән берілді. Ең үздік нәтижені 41 балық ұстаған Виктор Евдокимов көрсетті. Екінші орында 40 балығы бар Александра Жумагатова алса, үздік үштікті 26 балық ұстай алған Евгений Скальский еншіледі.

Командалық есепте 63 балықты қармаққа іліндірген “Нарфин” жеңіске жетті. 2-ші орынды Көкшетау құрама командасы, 3-ші орынды “Жас гвардия” командасы алды.

Талқылау