Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкпардан Қазақстан құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды (фото)

Қырғызстанда өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан ақтық сайыста Қазақстан мен Қырғызстан командалары күш сынасты.

b23861f1125ebe5e3b40fbcd01d43148

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Додада қазақ спортшысы Əбдуғали Əбжапаров ат астында қалып, ауыр жарақат алды. Медициналық қызмет өкілдері қазақ спортшысын ауруханаға алып кеткен.

6cc138ed0f3e08a16a3ac4f5f68020cf

Көкпар тарту кезінде ол жерге құлап, аттардың астында тапталып қалған. Алғашқы дәрігерлік көмектен соң, ол ойын соңына дейін сол жерде қалуды сұраған.

c00b968f83657cda75866acb799847f3

Алайда біршама уақыттан соң жағдайы қайтадан нашарлап, дәрігерлер ойыншыны алып кетуге мәжбүр болған.

Ал финалдық бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Қырғыздардан 15:3 есебімен ұтылып, күмісті қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 58-ден астам елден 600-ге тарта спортшы қатысып жатыр. Олар 23 спорт түрінен бақ сынайды. Бұл сайыста ел намысын 75 спортшы қорғайды

Талқылау