Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қоқыс тастауға боянбай шығамын": Гүлнәз Жоланова қарапайымдылығы туралы айтты

Танымал қазақстандық актриса Гүлнәз Жоланова неліктен күнделікті өмірде боянбауды жөн көретінін айтты. Актриса, тіпті, спорт киімімен мейрамханаға баруы мүмкін екенін жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Эфир бағдарламасына сілтеме жасап. 

Гүлнәз Жоланова

«Жас көріну – менің мақсатым емес. Бұл, бар болғаны, менің табиғи болмысым. Боянбай, ыңғайлы киім киіп жүрген кезде өзімді жайлы сезінемін. Қарапайым болған да ұнайды. Бұл – менің өмірлік позициям емес, табиғи болмысым», - дейді Гүлнәз Жоланова. 

Әрі қарай актриса, тіпті, қоқыс тастауға боянбай шығуға әзір екенін жеткізді. Мейрамханаға да спорттық киіммен баратын кездері болады екен. 

«Қоқыс түгілі, мейрамханаға да солай барамын. Үй киіммен емес, әрине, спорттық киім болуы мүмкін. Боянбай, шашымды жайып алып дегендей. Кей жерлерде жеке куәлігімді сұрап жатады», - деп күлді актриса. 

Сондай-ақ, ол адамның жасын көзіне қарап анықтауға болатынын жеткізді. Әсіресе, бұл дорамаларда байқалады екен. Осы орайда, ол Сон Хе Гені мысалға алуды жөн көрді. 

«Кинода типаж деген түсінік бар. Мысалы, Сон Хе Генің жуырда бір дорамасын көрдім. Түрі 20-25-ке көрінгенімен, бірақ шынайы жасын әрекеті мен қимыл-қозғалысы білдіріп қояды», - дейді ол. 

Талқылау