Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғамдық орында темекі тұқылын тастаған Өзбекстан азаматы елден шығарылатын болды

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты қоғамдық орында тәртіп сақтамаған Өзбекстан азаматына жаза тағайындады. 8332925

Өзбекстан азаматы жерге темекі тұқылын тастағаны үшін, үш тәулікке тұтқындалып, елден шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Дүкен жанында тұрып темекі тартқан Өзбекстан азаматы, темекі қалдығын арнайы белгіленген жәшікке тастамаған. Ол осылайша қоғамдық орынды ластаған.

“Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен, Кодиров. К. айыпты деп табылып, әкімшілік тұтқындау аясында үш тәуілкке қамауға алынған. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мелмекет тәртібін бұзған шетел азаматы елден шығарылады”, – делінген сот хабарламасында.

Сот Өзбекстандық азаматты Қазақстан Республикасы аумағынан шешім қабылданғаннан кейінгі 10 күн ішінде шығару керек деп қаулы еткен.

Талқылау