Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кофенің кейбір ауруларға қарсы көмектесетін пайдалы жақтары анықталды

Күн сайын 0,9 литр кофе қолданған адам (9 кеседей) ұмытшақ ауруына бой алдырмайды екен. Осыған сәйкес, дәрігерлер профилактикалық мақсатта жастар мен үлкен жастағыларға кофе ішуге кеңес берді.

Как-пить-кофе-правильно

Сурет: coffeet.ru 

Дәрігерлер екі зерттеу жүргізген. Біріншіде, Швецияның ұмытшақ ауруымен ауыратын үлкен жастағы 1620 адамы, екіншісінде  АҚШ-тың бұл аурумен ауырмайтын 2788 азаматы қатысқан.

Бірінші зерттеуде адамдардың 15-19 жасынан бастап 40 жасына дейін күнделікті қанша кофе ішкені сұралды.

Екінші зерттеуде қатысушылар кофені қаншалықты көп мөлшерде ішкені анықталды.

Ғалымдар кофе мен ұмытшақтық ауруының байланысына толық сенімді емес. Алайда, дәрігерлердің жануарларға жүргізген зерттеуіне сәйкес, кофенің нейродегенератив ауруларға қарсы тұратынын анықталған.

Талқылау