ҚМДБ: “Көрсетілім” үшін қажылыққа барудан бас тарту қажет

Бейсенбі, 19 Мамыр , 2016 12:17

“Әзірет Сұлтан” мешітінің Бас имамы, Наиб мүфти, Серікбай қажы Ораз мұсылман баласына қажылыққа баруға қалай дайындалу керектігін, сондай-ақ биыл қажылықты өткізу ерекшеліктері туралы айтып берді.

9h2hlXLQGbr2Jy75-lg-620x426

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Имамның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан қажылық сапарын ұйымдастырумен айналысатын арнайы Қажылық Миссиясы құрылған. Миссия құрамында уағыз-насихат тобы, дәрігерлер тобы, ақпараттық түсіндіру, т.б. жұмыс топтары бар. Аталған топ қажылыққа дайындық жұмыстарын, ұйымдастыру шараларын жыл бойы жүргізеді.Бұдан бөлек облыстық, қалалық мешіттеріміздің жанынан Қажылық оқыту орталықтары ашылған.

“Сонымен қатар, 2500 мешітімізде жұма намаздарында бір мезетте қажылық туралы уағыз айтылады. Демек, қажылық рәсімдерін алдын ала білгісі келген адам мешіт жанынан ашылған Қажылық курсынан өтіп, тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан дәріс алады. Қағбаны қалай айналу керек, қажылықта қалай киіну қажет, қандай дұғалар айту керек – осының бәрі осы курстарымызда оқытылып, қосымша кеңестер беріледі”,-деді ол.

“Біздің зерттеуіміз бойынша, кейбір адамдар дұрыс түсінбестіктен қажылықты табыс көзі немесе бизнес деп қабылдайды. Қажылықты бизнес деп қарау – үлкен қателік. Қажылық – Исламдағы бес парыздың бірі, ұлы құлшылық. Осыны ұмытпауымыз қажет. Қажылық – туристік сапар емес. Оны туризммен салыстыру дұрыс емес”,-деді Серікбай қажы Ораз.

Оның айтуынша, қажылыққа баратын адам осыған дайын болуы тиіс.

“4-5 миллион адам бір жерге, белгіленген арнайы орынға жиналған кезде сабыр етуге, аздап шыдауға тура келетін кептелістер мен күтпеген жағдайлар болады. Өкінішке қарай, кейбіреулер құдды демалысқа барған адамдай мүмкін емес нәрселерді талап етеді”,-дейді ол.

1993 жылы елімізден небәрі 150 қазақстандық аттанса, қазір бұл көрсеткіш 5 мыңға дейін жеткен.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсарту, жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында ашық Конкурс жариялады.Осы конкурс талабынан өткен фирмалар ғана қажылықпен айнылысуға мүмкіндік алады”,-деді дін қызметкері.

Конкурс талабы бойынша, туристік фирманың туроператорлық лицензиясының болуы, ҚР аумағында соңғы 5 жыл ішінде қажылық және умра сапарын ұйымдастырғаны жайлы тәжірибесінің болуы, ҚР аумағында кемінде халыққа сапалы қызмет көрсететін офисінің болуы, 300 адам үшін алдын ала хаж чек (қажыларды Жидда-Мекке-Мадина қалаларына тасымалдау және Мина мен Арафат жазығындағы шатырларда орналасу үшін төленетін жарна) және әуе билет қаражатын САК Қажылық министрлігіне қарасты құзырлы мекеменің, қажыларды тасымалдайтын әуе компанияның ресми операторының есепшотына төлеу туралы қатаң ескертілді.

“Мәселен, көрші Ресей мемлекетінің мұсылмандары үшін жыл сайын 20 000 квота бөлінеді. Осы 20 мың қажыға бар-жоғы 9 фирма қызмет көрсетеді. Ал бізде бас-аяғы 3 мың адамды қажылыққа апару жұмысымен 20 (!) фирма айналысады. Тіпті көршілеріміз – Өзбекстан мен Қырғызстанда қажылықпен бірде-бір фирма айналыспайды. Діни амалмен, яғни қажылықпен сол елдердің Діни басқармалары айналысады.Ал бізде 3000 адамды қавжылыққа апаруға 20 туристік компания тартылған”,-деді Серікбай қажы Ораз.

Ал биылдан бастап Тасымалдау қызметі, виза ашу, хаж чек төлеу, т.б. қызметтер электронды жүйеге көшірілмек.

ҚМДБ осы жылы қажылық фирмаларына бірқатар жаңа талаптар қойып отыр. Атап айтқанда:қажылық рәсімдерінің толық атқарылуын ұйымдастыру; көрсетілетін қызмет сапасы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына, санитарлық-гигиеналық ережелері мен нормаларына сәйкес болу; қазақстандық азаматтарды қолайлы қонақ үймен қамтамасыз ету; қонақ үйдегі бөлмеден бір кісіге 42 шаршы метр орын беру;туристік фирманың шотында кем дегенде билет (Жидда-Мекке-Мадина қалаларына тасымалдау үшін) шығындары мен хаж-чекке жұмсалатын қаржының болуы; Мекке мен Мадина қалаларынан алдын-ала қонақ үй алуына жеткілікті қаражаттың болуы.

Сонымен қатар, жоғары діни білімді, жол көрсететін тәжірибелі мамандардың болуы; қажыларға жол көрсетуші және жетекші қызметкердің ҚМДБ-ның арнайы сараптауынан өтуі, 100 қажыға алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін бір дәрігер мен отандық дәрі-дәрмектің болуы, адасып қалған қажыларды дер кезінде іздестіру тобының болуы; қажылардың сұрақтарына жауап беретін білімді дін қызметкері болуы тиіс, т.б.талаптар енгізілген.

ҚМДБ Қажылық Миссиясының құрамында адасып немесе науқастанып қалған адамдарға көмектесетін арнайы топ жұмыс істейді. Әрбір қажылық фирмаларында азаматтарымызға жол көрсетуші, жалпы қауіпсіздік саласына жауапты кемінде 3-4 адам қызмет етеді. Барлық қажыларға осы қызметкерлердің байланыс телефондары көрсетілген бейджиктер таратылады. Қауіпсіздікке жауапты азаматтар күн сайын Қажылық Миссиясының басшыларына есеп беріп тұрады.

“Ал САК Қажылық министрлігі мен ҚМДБ Қажылық Миссиясының талаптарын орындамаған немесе ереже бұзған фирмаларға қатаң шара қолданылады”,-деп қорытындылады сөзін Серікбай қажы Ораз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар