Қызылорда облысында жоғары шенді полицей мүгедек кәсіпкерден пара алған сәтінде ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері букмекерлік кеңсе ашқан кәсіпкерден заңсыз сыйақы алған Қызылорда облысының полиция бөлімі бастығының орынбасары мен оның бағыныштысын қылмыс үстінде ұстады, деп жазады Stan.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері Қызылорда облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерін қамауға алды. Олардың букмекерлік кеңседегі тексеруді тоқтату үшін мүгедек кәсіпкерден заңсыз, ақшалай өтемақы алғаны анықталды. Күдіктілер 300 мың теңгені қолма-қол алайын деп тұрған сәтінде ұсталды.
ҰҚК-нің есебінде қылмыскерлердің әрекетін әшкереу операциясына Ішкі істер министрлігінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатысты делінген.
Аталған бөлімнің қызметкерлері қылмысты әшкерелеуге белсенді түрде көмектескен.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”