Қызылорда облысында қызды ұрып, видеоға түсіргендер анықталды
Полиция қызметкерлері қызды ұрып-соғып, видеоға түсіргендерді анықтады.
Видеодан кадр
Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлайды.
Оқиға 17 сәуірде Тасбөгет кентінде орын алған. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданбады.
"Әлеуметтік желілерде таратылған бұзақылық фактісі бойынша тексеру барысында полиция қызметкерлері өз замандастарын ұрып-соғып, бейнеге түсіргендерді анықтады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы (бұзақылық) бойынша алдын ала тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
Саят: “Туған әкем қазақ, бірақ көбі америкалық әкемді көріп мені жартылай қазақ деп ойлайды"

"Бассейні батпаққа ұқсайды": Түркиядағы бес жұлдызды қонақүй қазақстандық отбасыны шошытты
Турист HT туристік компаниясының қызметіне риза емес