Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыздар зомби болып қалған": Заңгер өгей анасынан қорлық көрген үш қыз туралы айтты

Түркістан облысында өгей анасынан қорлық көрген қыздарды мемлекет өз бақылауына алды. Олар Шымкент қаласындағы бейімдеу орталығына жеткізілді. Бұл туралы істің басы-қасында жүрген заңгер Айгүл Орынбек мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: "Еуразия бірінші арнасы"/видеодан скриншот

Өз сөзінде заңгер қазіргі уақытта қыздардың жағдайы жақсы екенін айтты. Жас балаларды бейімдеу орталығына жеткізілген қыздармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

«Бас прокурор Ғизат Нұрдаулетов мырзаға үлкен рахмет! Тергеу біткенше қыздар мемлекет бақылауында болғаны дұрыс. Психолог мамандар қыздармен жүйелі түрде жұмыс жасауы керек.

Қыздар қазір зомби болып қалған. Жалтақ-жалтақ еткен жауқазындарды енді ешкім қорламайды. ... Қыздардың жағдайы жақсы. Қазір мамандар өз жұмысын бастап кетті», - деп жазды Айгүл Орынбек Instagram желісінде. 

Сонымен қатар ол қыздардың қауіпсіздігін Түркістан облыстық полиция департаменті бақылап отырғанын айтты. Ал ішкі істер министірі Ерлан Тұрғымбаев арнайы жедел тергеу тобын құрып, істі өз бақылауында ұстап отыр.

Талқылау