Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қит етсем хит боламын: Төреғали елді шулатқан оқиғаларға қатысты пікір білдірді

Күні кеше Төреғалиді “Ұлы дала комедиясы” атты тырнақалды фильмі көрерменге жол тартты. Кино түсіру – өнер ордасында актер мамандығы бойынша білім алған Төрештің бала күнгі арманы екен. Десе де, өмір ағысы Төреғалиді алғашқыда айтыскер, кейіннен әнші ретінде елге танытты, деп жазады Stan.kz.

Төреғали Төреәлі

Ал “Ұлы дала комедиясы” – Төреәліұлының мамандық бойынша атқарған алғашқы жұмысы. Бұл орайда Төреғали фильм туралы және елді шулатқан оқиғалар жайлы “Түнгі студия” бағдарламасына сұхбат берді.

“Маған халықтың мән бермейтін кезі болса екен. Қит етсе, хит болады дейді. Күнде азанда тұрсам, бір жаңалық болып жатады. Сөйтсе жаңалық жасаған болып шығасың. Бүкіл адамдар жасап жүрген тірлік, маған келген кезде жаңалық болып кетеді”, – дейді Төреғали.

Өнер иесі кино түсіремін деп біраз “шашылғанын” айтады.

“Біздің тірнектеп жинаған ақшамыз мұның қасында дым болмайды екен, жетпейді екен”, – дейді Төреғали.
Өнер иесі фильмнің түсіріліміне, оған қатысқан актерлерге қатысты еш бас қатырмапты. Себебі өз рөлін алып шығуды ғана ойлаған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау