"Кішкентай періштеммен": Данияр Елеусіновтің екінші рет шаңырақ көтергені рас па?
Танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов желідегі парақшасына коляскадағы сәбимен түскен суретін жариялап, бүкіл жұртты ойландырып қойды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Боксшы суреттің астына «Кішкентай періштеммен», - деген жазған.
Ал бұл жазба мен суретті көрген желі қолданушылары өз кезегінде боксшыны екінші рет үйленді деп топшылап, ол үшін қуанатындарын айтып, ізгі тілектерін жеткізді. Тағы басқалары Елеусінов әйелімен қайта қосылды деген жорамал жасады.
"Бүкіл ел әйеліңізбен қайта қосылуыңызды асыға күтті. Отбасыңызды тастап кетпегеніңіз үшін мақтан тұтамыз. Сіз арыстай азаматсыз және діндар жансыз. Әйелінізбен қосылғанынызға қуаныштымыз. Отбасыңызды тастамай, тағы да бөпелі болғаныңыз құтты болсын! Жарайсыз"-деп құттықтады оқырмандар.
Біреулері әйелімен қайта қауышты деп ойлап қуанса, басқалары екінші рет шаңырақ көтеріп, бала сүйгеніне қуанышты.
"Екінші рет үйленген екенсіз ғой. Кішкентайдың бауы берік болсын! Тезірек чемпионның ұлы деген атқа ие болсын. Жанұялық бақыт тілейміз! Аман жүр чемпион",- деп тілектерін жеткізді.