Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кішкентай патриоттар": Қыдырәлі мен Қарақаттың кіші балалары әнұран айтып тамсандырды (видео)

Қыдырәлі мен Қарақаттың кіші балалары әнұран айтып тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарақат Әбілдина желідегі парақшасына кіші ұлы мен қызының әнұран айтқан бейнежазбасын жүктеген. Отаншыл болып өскен олардың ән айтқанда ел мен жерге деген сезімі айқын байқалып тұр. Осылайша әнші балаларымен мақтанды.

"Туған жерім менің - Қазақстаным. Кішкентай патриоттар", - деп жазды Қарақат Әбілдина.

Бұны көрген желідегі жұрт жарыса пікір білдіріп, ақ тілектерін жаудырған.

"Жаным, кішкентай найманкам, аман бол ботақаным", "Менің ұлым мен қызымда дәл осындай патриоттар. Алдымен Аяланың мамасының әнін тыңдаймыз, сосын "Менің елімді" шырқаймыз", "Қазақстан деп айтқан тіліңнен сенің балапан", - деп пікір жазды жұрт.


Отан туралы өлеңдер

Талқылау