Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай қыз ұрының бетінен бір қойып, анасын құтқарып қалды (видео)

Аргентина қаласы Буэнос-Айресте 11 жастағы қыз ұрыға скутерін тартып алуға жол бермеді. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Оқиға сәрсенбі күні кешкісін, сағат онда орын алған. Видеожазбадан скутерде отырған әйелге ер адамның жетіп келгенін көруге болады. Ол скутерді тартып алмақ болған. 

Осы кезде барлығын сырттан бақылап тұрған кішкентай қыз баспалдақтармен төменге түсіп, ұрыны бір ұрады. Сосын анасымен бірге ер адамды қуады. Қыз ұрыны ұстау үшін артынан қуа жөнелгісі келген, бірақ анасы оған жол бермеді. 

Анасы мен қызы қайтадан скутерге отырып, мекемеге оралады. Басылымның мәліметінше, ұры тұтқындалған жоқ. 
 

STAN.KZ
Сенбі, 01 Маусым, 2019 12:50
Талқылау