Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай баласы бар африкалық әйел ақша мен визасыз Қазақстанда қалғысы келеді

Конгоның азаматшасы мерзімі өтіп кеткен виза және емшектегі баласымен Астанада қалды. Бұл туралы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Моника Камганза Астанаға Expo-2017 көрмесінің кезінде келген. Шетелдік әйел бір ер адаммен танысқан. Сосын олар айырылысып кеткен. Әйел сол еркектен екіқабат болып қалған.

Мониканың визасының мерзімі наурыз айында өтіп кеткен. Конго азаматшасының ақшасы да, тұратын үйі де жоқ. Сонымен қатар, ол тек француз тілінде ғана сөйлей алады.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын инспекция әйелді әлеуметтік-құқықтық қолдаудың Орталығына жіберген. Орталықтың қызметкерлері оған баланы босануға көмектесті. Қор директоры Анна Рыльдың сөзінше, қазіргі уақытта миграциялық полиция оған визалық тәртіпті бұзғаны үшін депорт қою мүмкін. Ол кезде әйелдің жолға жұмсалатын ақшасын ешкім төлеп бере алмайды.

“Оның құны жоғары. Ал әйелдің ақшасы жоқ. Ол өзі Қазақстанда қалғысы келеді. Бізден осы елде қалу үшін көмек сұрайды. Оның екі таңдауы бар. Әйелге осында тұруға ықтиярхат керек. Ал оны алу үшін шотында 3 миллион теңге  болу қажет. Өкінішке орай, оның ақшасы жоқ. Қашқын дәрежесін алу да қиын. Сонымен қатар, оны алып бере алатынымызды, не бере алмайтынымызды айта алмаймыз”, — дейді Анна Рыль.

 

 

 

Талқылау