Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кіндіктен төмен сезбей қалдым": Жәния Джуринская екінші сәбиін қалай босанғанын айтып берді

Жақында екінші мәрте ана атанған танымал актриса, блогер Жәния Джуринская босану процесінің қалай өткенін оқырман қауымға бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/

Актрисаның София есімді қызы бар. Өнер иесінің екінші жүктілігі жеңіл өтіп, тез босанған. 

"11 сәуірде түнгі сағат 00.00-де толғағым басталды. Маған бұл өтірік толғақ секілді көрінді. Алайда ол таңғы сағат 6.00-ге дейін жалғасты. Ал таңға қарай толғақ күшейе түсті. Сосын мен жинала бастадым. Өйткені іштей босанатын уақытымның жақындағанын түсіндім.

Сөйтіп, таңертең 07.00-де перзентханаға шықтық. Ол уақытта менің толғағым басталып кетсе де, мен дым сезбей жүре бергенмін, өйткені қатты ауырмады. Перзентханаға жеткеннен кейін дәрігерлер маған босанатынымды айтты, содан маған эпидуралды анестезия салды, мен кіндіктен төмен денемді сезбей қалдым. Бір сағаттай ұйықтап алдым, кейін мені оятты. Құдды бір тууға емес, косметологтың алдына бет тазарту процедурасына келген секілді болдым, бәрі жеңіл өтті. Перзентханаға таңертең 07.00-де келдік, сосын 11 сәуір 11.07-да босандым”, – деп жазды актриса. 



Отандық киножұлдыз тұңғышын дүниеге әкелгенде қатты қиналса да, екінші ұлын тез босанған. Айтарлықтай жанына батып, ауыртпаған. 

“Бәрі жеңіл өткені соншалық, айтатын да дым жоқ. Ешқандай экшн болмады. Кинодағыдай майшамға бір-екі үрлегендей сезім болды және мен басты рөлдегі кейіпкер секілді 40 минут бойы бақыттан жылап, тоқтай алмадым. Ең алдымен Аллаға, кейін өзіме және айналамдағыларға алғыс айттым", – деді өнер иесі. 

Айта кетейік, Жәния Джуринская күйеуінің ұлтына қатысты қауесетке нүкте қойды. Айтуынша, күйеуінің қанында қазақтың қаны жоқ екен. “Дүнген араласқан ұйғыр. Әкесі – ұйғыр, анасы – дүнген” деп жауап берген еді өнер иесі. 

Талқылау