Ким Чен Ын темекіге 42,7 миллион доллар жұмсаған
Солтүстік Корея елінің басшысы Ким Чен Ын тек баскетбол мен американдық поп-мәдениетке ғана әуес емес болып шықты. Ол ел басқарған бес жылда темекіге 43 миллион доллар жұмсапты.

Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.
Ким Чен Ын 2011 жылдан бері 103 мың долларға темекі тартқан. Тағы 129 мың долларды да осы темекінің басқа да қажетті құралдары үшін құртқан.
Жалпы, КХДР-де елдің басым бөлігі аштықтан зардап шегеді. Ал темекі шегу бойынша әлемдегі көшбасшы мемлекеттердің қатарында. Тіпті жергілікті билік зиянды әдеттерге қарсы күрес компанияларын ұйымдастырғанымен, өздері бұл әдеттен бас тарта қоймайтын секілді.
Сондай-ақ, батыс басылымдары ел көшбасшының аздаған жыл ішінде тез толып кеткенін де атап өткен.
Оқи отырыңыздар >>>
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"