Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ким Чен Ынның жылап отырған балалардың арасында күліп түскен суреті жарияланды

Солтүстік Кореяның Орталық телеграфтық агенттігі Ким Чен Ынның Оқушылар сарайына барғанын хабарлап, оның жылап отырған балалардың арасында күліп түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Суреттің астындағы жазбада не болғанына қатысты ештеңе жазылмаған. Алайда балалардың «құрметті жоғарғы көшбасшының» келгенін көріп, көз жасына ерік бергені анық.

Хабарланғандай, Оқушылар сарайына барған Ким Чен Ын жаңа ғимаратты сынға алған. 

«Құрметті жоғарғы көшбасшы спорт залы мен басқа да залдардың техникалық жобалануы олардың мақсатына сай келмейтінін атап өтті. Ол ескі ғимаратты толықтай бұзып, жаңа құрылысқа көптеген материал шығындалғанымен, жаңа сарайдың жеткілікті деңгейде салынбағанына және мектептен тыс білім беретін нысанның мақсатына сай келмейтініне қатысты ескерту жасады. Жобалау саласында «бәрінен бұрын жайлылық» ұстанымы іске асырылатыны, ал бұл ретте немқұрайлылық, тұрақсыздық пен шалағайлыққа жол берілгенін айтты», - делінеді мақалада.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр