Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кілеммен шатырға қарай: қазақстандық байлардың балық аулауы интернетте күлкі туғызды (видео)

Атыраулық тұрғындардың қыстың көзі қырауда балық аулаған видеосы желіде жария болды.

10235605

Мұнайлы қала тұрғындарының мұз үстіне балық аулаған видеосын Азамат Еріков есімді пайдаланушы желідегі парақшасында жариялаған.

Видеода балықшылардың мейлінше балық аулаудың мәдениетті үлгісін қалыптастыруға тырысқаны байқалады. Ол үшін арнайы шатыр тігіп, ұзыннан кілем төсеп тастаған.

11222000_764461767009333_1643298930513638429_n

Видео астына пікір қалдырған автордың сөзіне қарасақ, бұл тігілген шатырларды “виски-шик” деп атайды екен.

Кадрда балық аулауға дайындық сәті түсірілген секілді. Балықшылардың өздері видео барысында бой көрсетпеген. Видеоны түсіріп жүрген адамның өзі, кілем үстінен жүрмейді. Соған қарағанда аса құрметті адамның келуіне орай дайындалған да болуы мүмкін деп пікір білдіреді қолданушылар.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған 10 жасар ер бала желіні жарды (видео)

Павлодарлық жас боксшы қыз есікті қиратып тастады (видео)

Футбол тарихындағы ең қитұрқы пенальти желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Гавайи аралдарын қалың қар басып қалды (видео)

Талқылау