Киімін лақтырып тастап билеген Баян Алагөзова желіде қызу талқыға түсті (видео)
Желіде Баян Алагөзованың киімін жерге лақтырып тастап, жұлқына би билеген видеосы тарап кетті. Бейнежазба күні кеше Айқын Төлепбергеннің туған күн кешінде түсірілген, деп жазады Stan.kz.
Видеода Баян Мақсатқызы сырт киімін жерге лақтырып, басын айналдыра жұлқына билейді. Залда таң-тамаша болып отырған қонақтар оны таспаға түсіріп әлекке түсуде. Мұны көрген желі қолданушылары продюсерге жағымсыз пікірлерін жаудырды.
“Бұрын салиқалы, салмақты әйел еді. Бахытбектің арқасында сондай болып жүр екен ғой”, “Жасы келгенде қуды”, “Осының ырбыңдағаны бітпей-ақ қойды, адам өзінің жасына лайық іс жасаса”, “Осы әйел қартайғанда алжып бара ма”, – деп сынады желідегілер.
Сондай-ақ, бұл кеште Ерке Есмахан да тізерлеп отырып би билеген. Алайда әншінің де бұл “өнеріне” халық жоғары бағасын бере қоймады.
“Мына әншілерге не болған”, “Айқынның туған күні болмаса билемей жүр екен ғой бәрі”, “Мәз болады өзі, мазақ болып жатқанын түсінбей ме” – дейді оқырмандар Еркенің биіне қатысты.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.