Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хромтауда студент колледж директорына пышақпен шабуыл жасады

Хромтауда тау-техникалық колледжінің 1 курс студенті оқу орны директоры мен полицейге қарсы шабуылдады.

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

6 қыркүйек күні студент пышақты оқу орынына жасырып алып кірген. Директор кабинетіне келген ол қарумен қорқытып, оқу құжаттарын қайтаруды талап етіпті. Колледжде кезекшілік етіп жүрген полицейдің келуі студенттің одан сайын ашуын тудырады. Ол директор мен тәртіп сақшысына қарсы ұмтылып, шабуыл жасаған.

“Мен тіпті қорқып үлгермедім. Осы жерде 14 жыл жұмыс істеймін, мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Полиция инспекторы бізде тұрақты түрде жұмыс істейді және оның келіп үлгергені дұрыс болды”, – дейді директор Бағдашжан Молдашева.

Оқиғаға дейін бір сағат бұрын сабақта болған студент мұғалімнің талаптарын орындаудан бас тартқан.

Қазіргі кезде студент Ақтөбедегі тергеу изоляторында отыр. Ол Қылмыстық кодекстің 115 және 380 баптары бойынша айыпталуда. Енді ол адам өліміне соқтыруы мүмкін жарақат салып және билік өкіліне қарсы келгені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда трамвай тағы бір жеткіншекті қағып кетті

Алматыда автобуспен соғысқан көліктің күл-талқаны шықты

Көкшетау тұрғынын тиісті орган қызметкерлері қаңғыбастар зиратына көміп тастаған

Шымкентте тоғыз жасар бала пойыз астына түсіп аяғынан айырылды

Талқылау