Храпуновтың ұлы Ұлыбританияда жауапқа тартылуы мүмкін
Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ұлыбританияда жауапқа тартылуы мүмкін. Лондонның апелляциялық соты ақыры Ілияс Храпунов пен оның қайын атасы Мұхтар Әблязовтың сыбайлас екенін дәлелдепті, деп хабарлайды КТК.

“Форбс» журналының мәліметінше, қашқын банкирдің күйеу баласы қайын атасының БТА банкінен ұрлаған қаржысын жасыруға көмектескен. Яғни, тергеушілер Ілияс Храпунов пен Мұхтар Әблязовтың 2009 жылы заңсыз ақшаны жасыруға келіскені анықтапты. Ал Әблязов дәл сол кезде істі болып жатқан еді. Сондықтан ол ұрлықпен келген активтерінен айырылып қалмас үшін күйеу баласы арқылы әрекетке көшкен көрінеді. Негізі, кіші Храпуновтың ісі бұған дейін де қаралған. Алайда алғашқы сотта кінәсі дәлелденбеген болатын. Ілиястың Алатау бөктеріндегі жерлерді гектарлап сатқан әкесіне де, БТА-ның миллардтарын ұрлаған қайынатасына да Қазақстанда бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айта кетейік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"