Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Храпуновтар Астанаға тергеуге шақырылды

Жемқорлыққа қарсы күресетін Ұлттық бюро Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның отбасы мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тексеруді бастады.

Тергеу барысында жемқорлыққа қарсы күрес қызметі олардың және сыбайластарының қылмыстық істеріне жеткілікті дәлелдерді тапқан. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланды, мемлекет мүлкін иемденді, бюджет қаржысын жымқырды, алаяқтық жасады, пара алды деп айыпталып отыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 208 бабы 1 бөліміне сәйкес күдіктілер тергеуге шақырылады. Алайда Виктор Храпунов, оның әйелі Лейла Храпунова және баласы Ілияс Храпуновтардың Қазақстан Республикасынан тыс аумақта екендігіне байланысты коррупцияға қарсы қызмет оларды тергеуге шақыруды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, хабардар етуге шешім қабылдаған.

Күдіктілер 2017 жылдың 17 қазаны сағат 15:00-ге дейін Астана қаласы, Сейфуллин көшесінде орналасқан Ұлттық бюро ғимаратына келуі тиіс.

Тағы да оқыңыз:

Путин мен Назарбаев Қазақстанды ғарыш державасына айналдырмақ

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Талқылау